Алматы спортшылары Төртінші жастар ойындарының жеңімпазы атанды

Алматы спортшылары Төртінші жастар ойындарының жеңімпазы атанды

Шілденің 2-сі күні, Ақтөбе қаласында теннистен төртінші жастар ойындары өз мәресіне жетті. Айтулы додада 2000-2002 жылдар аралығында туылған жеткіншектер арасында өтті.

Спортшылар еліміздің басты спорт  алаңдарында жазғы спорттың 35 түрінен өзара мықтыны анықтады. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есеп бойынша 1194 ұпаймен Алматы құрамасы алтынан алқа тақса,  1146 ұпаймен Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары күміспен  күптелді.

Сонымен қатар, Алматы құрамасы келесі спорт түрлерінен  үздік атанды:

Спорттық гимнастика – 1 орын

Ауыр атлетика – 1 орын

Казақкүресі – 1 орын

Оқпен ату– 1 орын

Бокс (ұлдар) – 1 орын

Жүзу – 1 орын

Спорттық би – 1 орын

Регби (ұлдар) – 1 орын

Теннис – 1 орын

Семсерлесу – 1 орын

Таеквондо – 2 орын

Джиу-джитсу – 2 орын

Стенд ату – 2 орын

Жеңіл атлетика – 2 орын

Су полосы (ұлдар) – 2 орын

Су полосы (қыздар) – 2 орын

Қазіргі бессайыс – 2 орын

Регби (қыздар) – 2 орын

Байдарка мен каноэдеесу– 2 орын

Әйелдеркүресі – 3 орын

Еркін күрес – 3 орын

Триатлон – 3 орын

Каратэ –до – 3 орын

Айта кететін жайт, Төртінші Жастар ойындарының салтанатты ашылу рәсімі сәуірдің 6-сы күні Қызылорда қаласының   «Евразия» спорт кешенінде өткен. Бірінші болып Қазақстан гандболшылары өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или