Бағдат Қайыров: Қазір бізде қуанып жататын уақыт жоқ

Бағдат Қайыров: Қазір бізде қуанып жататын уақыт жоқ

«Ақтөбе» командасының қорғаушысы Бағдат Қайыров клубтың баспасөз-қызметіне «Шахтермен» болған матч туралы пікір білдірді.

-Бағдат, көптен күткен жеңіске жеттік. Ойын қалай болды?

- Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Біз бірінші таймда екі гол соғып алған соң, есепке қарайлай ойнадық. Сондықтан екінші таймда қорғаныста қиындау болды. Ең бастысы, біз үш ұпайға қол жеткіздік. Демек біз мақсатымызды орындадық. Ойын біз ойлағандай өрбіді.

-Ойын алдында сенде қандай ойлар болды?

-Біз алдыңғы ойында өз алаңызымда жеңіліп қалдық. Шегінерге жол жоқ еді. Бұл жеңіс бізге қатты керек болды. Себебі, бүгін «Шахтер» жеңген жағдайда алдымызда тұрған командалардың ұпайлары өсіп кететін еді. Бүгін үш ұпай емес, алты ұпай үшін таластық. Бірақ қазір бізде қуанатын уақыт жоқ деп те айтуға болады. Өйткені қазір бізді маңызды ойындар күтіп тұр. Турнирлік кестедегі қатарлас командалармен ойнаймыз. Өткен турда біз дәл осы «Шахтердан» жеңіліп қалған болатынбыз. Бүгін сол кеткен есені қайтардық. Бүгінгі жеңіс соңғы жеңіс емес деп ойлаймыз. Әлі де жеңістер алда. Тек командаға қолдау көрсеткендеріңізді қалаймыз.

-Сен бүгін өзіңнің үйреншікті позицияңда ойнадың және сенімді ойыныңмен тәнті еттің.

-Алдыңғы ойынға денсаулығыма байланысты шыға алмаған едім. Сондықтан алғашқы он минуттай физикалық жағынан кедергілер болды, бірақ уақыт өте келе ойынға бейімделіп алдым. Ең бастысы жеңіс. Жеңіс болса бәрі де ұмытылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или