«Хан Шатырда» «Астана» жаңа ойыншыларын таныстырады
Бүгін, 4 шілде, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында өтетін «Футбол астанасы» мерекелік шарасы аясында «Астана» клубының жаңа ойыншыларын таныстыру рәсімі өтеді.
Барлық тілек білдірушілер елордалық команданың жартылай қорғаушылары Ласло Кляйнхайслер мен Марин Томасовпен суретке түсіп, автограф алуларына болады.
Айта кетейік, «Футбол астанасы» жобасы аясында теннисболдан қалалық турнир өтеді. Сондай-ақ көрермендер арасында викторина ойнатылады, фристайлшылар сайысы болады.
Жалпы, көптеген қызықтар күтіп тұр. Ең бастысы, құрметті қонақтардың қатарында еліміздің үш дүркін чемпиондары сапында өнер көрсететін футболшылар болады.
«Футбол астанасы» мерекелік шарасының басталу уақыты: 18:00.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или