Шымкенттің стадионын жөндеуге 224 млн теңге бөлінді

Шымкенттің стадионын жөндеуге 224 млн теңге бөлінді

Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадионда осы жазда жөндеу жұмыстары өтеді.

Бұған дейін Халықаралық футбол федерациясы Шымкенттің басты аренасын талаптарға сай емес деп, бұл стадионда еурокубок матчтарын өткізуге тыйым салған болатын. Себебі Орталық стадион жарығы жеткіліксіз.

Бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттен 224 миллион теңге бөлінді.

Айта кетейік, 20 мың жанкүйер сыятын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда шымкенттік «Ордабасы» өнер көрсетеді. Стадион жарығының дайын болмауына байланысты, «Ордабасы» еурокубоктағы алғашқы матчын Алматыдағы Орталық стадионда өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или