«Ордабасы» - «Широки Бриег» матчында армян төрешілер қызмет етеді

«Ордабасы» - «Широки Бриег» матчында армян төрешілер қызмет етеді

Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінде «Ордабасы» мен «Широки Бриег» арасындағы қарымта матчта қызмет ететін төрешілер белгілі болды.

Кездесудің бас қазысы Завен Оганесян болмақ. Оған алаң жиегінде Арман Гущян, Атом Севгулян және Артак Симонян көмектеседі.

Естеріңізге сала кетсек, ойын 6 шілдеде Алматыда өтеді. Басталуы – 21:00-де.

Айта кетейік, бірінші матчта босниялықтар 2:0 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или