«Дунав» - «Ертіс» матчында черногориялықтар төрелік етеді
Футболдан Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Дунав» - «Ертіс» матчында төрелік ететін қазылар белгілі болды.
Кездесудің бас төрешісі қызметіне черногориялық Йован Калуджерович тағайындалды. Оған қапталдан отандастары Даниэль Девич, Владан Тодорович пен Милета Шчепанович көмектеседі.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ойын шілденің 6-ы, Астана уақытымен сағат 23:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или