«Астана» ойыншылары FIFA 17 қалалық турниріне қатысты

«Астана» ойыншылары FIFA 17 қалалық турниріне қатысты

«Playstation cafe the ROOM» базасында FIFA-дан қалалық турнир өтті, деп хабарлайды елордалық команданың баспасөз қызметі.

Аталмыш турнирге «Астана» футбол клубының ойыншылары Джордже Деспотович, Роман Мұртазаев, Дидар Жалмұқан және Мәди Жақыпбаев арнайы қонақ ретінде қатысты.

Ойыншылар жарыс қатысушыларымен естелік суреттерге түсіп, қолтаңба беріп және жеңімпаздармен Playstation ойынында өз бақтарын сынап көрді. Іс-шара соңында жарыс жеңімпаздарына «Астана» футбол клубының арнайы сыйлықтары табыс етілді.

Турнирдің басты ұйымдастырушылары «Playstation cafe the ROOM» және «Астана» футбол клубының «12 ойыншы» ресми фан-клубы.

Турнирдің басты мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, елордалық команданың өз алаңында өткізетін кездесулеріне жанкүйерлерді шақыру болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или