«Астана» - «Спартак» кездесуінің билеттері онлайн сатылымға шықты
УЕФА Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін «Астана» - «Спартак» (Юрмала) кездесуінің билеттері онлайн сатылымға шықты.
Қазіргі уақытта тек онлайн сату Ticketon.kz жүйесі арқылы, «Астана» футбол клубының ресми сайтында, сондай-ақ Tiketon сайтының серіктестік желілері - еліміздің ең танымал сайттары (nur.kz, zakon.kz, jam.kz, afisha.kz, yvision.kz және т.б.), Қазақстан қалаларының ең ірі сауда және ойын-сауық орталықтарындағы көптеген бөлімдерінде («Астана билеттері» және басқа да), Qiwi және Kassa24 терминалдары арқылы сатып алуға болады.
Осы ойынға билеттерді қолма-қол ақшаға «Керуен», «Мега», «Сарыарқа», «Хан Шатыр», т.б. қаламыздағы барлық ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан «Астана Билеттері» кассаларынан сатып алуға болады.
Аталмыш матчқа билет құны 500-2500 теңге аралығында белгіленіп, арнайы санаттарға бөлінген.
7 жасқа дейінгі балалар стадионға тегін кіре алады. Студенттер мен оқушыларға 50% жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлерге (Зейнеткер куәлігін көрсеткен жағдайда) стадионға кіру тегін. Стадионның W1 секторы зейнет жасындағы адамдарға ыңғайлы болу үшін арнайы бөлінген.