«Каспийдің» директоры қызметінен уақытша шеттетілді

«Каспийдің» директоры қызметінен уақытша шеттетілді

Ақтаулық «Каспий» футбол клубының директоры Кушанов Мэлс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 158-ші бабына сәйкес айыпталып, қызметінен уақытша босатылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы. Журналистiң заңды кәсіби қызметiне кедергi жасау

1. Журналисті ақпаратты таратуға не таратудан бас тартуға мәжбүрлеу жолымен, сол сияқты журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі жасайтын не оны осындай мүмкіндіктен толық айыратын жағдай туғызу жолымен оның заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, сол сияқты журналиске немесе оның жақындарына қатысты күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не олардың мүлкін бүлдіріп немесе жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –  белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кетейік, бұған дейін Мэлс Кушанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) және 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айыпталған. Келтірген шығынды толықтай өтеп, істеген ісіне өкінгенін білдіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или