РЕСМИ: Максимович «Валенсияға» ауысты

РЕСМИ: Максимович «Валенсияға» ауысты

Елордалық «Астананың» жартылайқорғаушысы Неманья Максимович испаниялық «Валенсияға» ауысты. Бұл туралы клубтың твиттердегі парақшасы хабарлады.

Сербиялық футболшы «Валенсиямен» 5 жылдық келісімшарт жасасқан. Испаниялық клуб 22-жастағы футболшы үшін бір тиын да төлеген жоқ.

Айта кетейік, Максимович «Астанаға» 2015 жылы «Домжаледен» ауысып келген. Сербия ұлттық құрамасының сапында 3 кездесу өткізген. Сонымен қатар, жас футболшы жастар арасында әлем чемпионы атанып, ЕУРО U-19 жарысында жеңімпаз атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или