«Абердиннің» бапкері: «Ордабасы» келесі кезеңге шығып кетуі мүмкін
Шотландиялық «Абердиннің» бас бапкері Дерек Макиннес шымкенттік «Ордабасы» мен босниялық «Широки Бриег» матчы жайлы ойын айтты. <br /><br />Естеріңізге салсақ, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговинада өткен алғашқы матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңген болатын. Бұл жұптың жеңімпазы «Абердинмен» кездеседі.
«Қазақстандықтар бұл кезеңде бәрін өзгертіп жіберуі мүмкін. Жеңімпаз әлі де белгісіз деп есептеймін – «Ордабасы» бірінші матчта өзін жақсы көрсетті. Матч алдында «Ордабасы» мықтырақ деп ойлағанмын, себебі босниялықтар маусымға дайындықты енді бастап жатыр. Бірақ «Широки Бриег» тамаша матч өткізіп, өзінің мықты екенін көрсетті. Кіммен ойнайтынымыз маңызды емес», - деді Макиннес.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или