Айбар Темірбаев: «Ақтөбе» жеңіске лайық ойнады
«Ақтөбе-Ж» қорғаушысы Айбар Темірбаев «Тараз» командасына қарсы (1:1) өткен ойын жайлы<span> </span>пікірін білдірді.
- Ойын өте қиын болды. Ауа-райы да ыстық болып тұр, - деп бастады сөзін жас қорғаушы.<span> </span><span>- </span>Бірақ футболды кез-келген ауа-райында ойнай береді. Негізі жеңетін ойын еді, өзіміз жеңісті қолдан жібердік. Бапкерлердің нұсқауларын бұлжытпай орындауға тырыстық.
- «Тараз» қалай ойнады? Олар қазіргі уақытта турнирлік кестеде 4-орында келе жатыр.
- Қарсыластың қандай орында тұрғаны маңызды емес, маңыздысы біздің оларға қарсы дұрыс ойнай білуімізде. Футболда ұсақ-түйек деген нәрсе болмайды. Біздің бір сәтке босаңсуымызды бірден пайдаланып, жазалап кетті.
- «Ақтөбе» екінші таймға қарағанда бірінші таймда көбірек белсенді қимылдады. Бұл ойынның екінші бөлігінде команданың шаршап қалғанын білдіре ме?
-Кей сәттерде допты ұқыпты ұстай алмадық. Содан да болар. Біз өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Сен соқпасаң, саған соғады. «Ақтөбе» бүгін жеңіске лайықты болды деп есептеймін. Енді келесі ойынымызды Қостанайда «Тобылмен» өткіземіз. Жұмыс жасай беру керек.
- Бұл маусым сен үшін қалай өтіп жатыр?
-Әрине, турнирлік кестеде жоғарыға көтерілу керек. Бастысы команданың жақсы нәтиже көрсеткені.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или