«Оқжетпес» өз алаңында «Атыраудан» басым түсті
ҚПЛ-дің 18-ші туры аясында «Оқжетпес» өз алаңында «Атырауды» қабылдады.
Ойын қалыпты басталды. «Оқжетпес» өз алаңында басымдықты өз қолына алып, жиі шабуылдауға тырысты. Сырт алаңда жолы болмай жүрген <span>«мұнайлы астананың» футболшылары бұл үрдісті бұзу үшін барын салды. Шабуылдармен алмасқан командалар қақпадан саңылау таба алмады. Бірде доп қиыс кетсе, бірде қақпашының қолынан табылды. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды.</span>
«Оқжетпес» екінші таймда да басымдықты өз қолына алуға талпынды. Екі ұжымның шабуылдары ұзақ уақыт бойы голға айналмады. Қақпашылар мен қорғаныс шебіндегі футболшылар шабуылға сәтті тойтарыс бере алды. Ойынның 53-ші минутында алаң иелерінің сапынан Козлов мергендігімен көзге түсіпғ көкшетаулық клубты алға шығарды. Осы голдан кейін қақпаға доп кірмеді. Есеп - 1:0. Көкшетаулықтар үш ұпай еншіледі.
ҚПЛ. 18 тур. Көкшетау
«Оқжетпес» - «Атырау» - 1:0
Гол: Козлов 53