Алматыда «Нұрсұлтан шыңы –2017» альпиниадасы өтеді
Шілденің 2-і Астана күніне және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған «Нұрсұлтан шыңы-2017» альпиниадасы өтеді.
Альпиниаданың бағыты – аспалы жол арқылы Шымбұлақтан Талғар асуына дейін, одан әрі Комсомол өткелінен Нұрсұлтан шыңына жалғасады.
Альпиниаданың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауына сәйкес жастарды спортқа қызықтыру, белсенді тынығуды жастар арасында дәріптеу.<br />Айтулы додаға 16 жастан жоғары барлық қатысушылар қатыса алады. 12 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектерге ата-анасының келуімен ғана рұқсат етіледі.
Айта кетер жайт, спорттық шара Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы қаласы альпинизм федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады.
Альпиниада бағдарламасы:
05.00 – қатысушылар мына бағыт бойынша бастайды: Медеу (1600 м) – Шымбұлақ (2380м) – Талғар асуы (3200м) –Богданович мұзарты – Комсомол өткелі (4000м) –Нұрсұлтан шыңы (4367м)<br />Медеуден Шымбұлаққа дейін гондольді жол Альпинианада қатысушылары үшін тегін.
05.00- 09.30 Медеуден Талғар асуына дейін көтерілу
14.00-20.00 Талғар асуынан Медеуге дейін төмен түсу
12.30 – Комсомол өткелінің жабылуы
14.00 – Нұрсұлтан шыңының жабылуы