Кахабер Цхададзе: Бауыржан - «Зенитте» ойнай алады

Кахабер Цхададзе: Бауыржан - «Зенитте» ойнай алады

«Қайрат» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында өткен «Атлантасқа» қарсы кездесу туралы пікірмен бөлісті.

- Жігіттер ойынға жауапкершілікпен қарады. Тіпті, алғашқы тайм 4:0 есебімен аяқталғанның өзінде ойыншылар босаңсымады. Әрқашан айтамын, футбол – жанкүйерлер үшін. Біздің жанкүйерлер ең мықтысы.

- Георгий Жуковтың жарақаты қаншалықты ауыр?

- Өткенде Жуковпен оның ойыны жайлы сөйлестік. Содан бері ол ойынын күшейтіп, негізгі құрамның футболшысына айналды. Ең бастысы жамбасының сүйегі сынбай, жарақаты ауыр болмаса болғаны.

- Екінші таймда Иво Иличевич босаңсып ойнады. Алаңда өз бетімен қимылдап, тәртіп бұзды. Екінші сары қағаз алып қалады деп қорықпадыңыз ба?

- Иличевичтің екінші сары қағазын алғаны жақсы болушы еді. Шынына келер болсақ, Иво – нағыз неміс машинасы. Өздеріңіз көрдіңіздер, өте жоғары деңгейлі футболшы. Қай минуттан алаңға шығарсаң да, қандай позицияға қойсаң да өз жұмысын жақсы атқарады. Біздің футболшылардың одан үйренері көп.

- Исламханның «Зенитке» ауысатыны рас па?

- Бұл туралы ештеңе айта алмаймын. Бір айтарым, Исламхан – кез келген командада ойнап кетеді. Жоғары деңгейлі футболшы. Бауыржан «Зенит» секілді команда ауысса қуанар едім. Ол «Зенитте» ойнай алады. Әзірге, ол «Қайратқа» көмектесу қажет. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или