Сергей Савченков: Аршавин - өте жоғары деңгейлі ойыншы
«Атлантас» командасының бас бапкері міндетін атқарушы Сергей Савченко матчынан кейінгі баспасөз мәслихатында Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясында өткен «Қайратқа» қарсы кездесу туралы пікірмен бөлісті.
- Қайрат ойынды қарқынды бастады. Еуропа Лигасы жоғары деңгейлі жарыс. Аталмыш жарыс алдында бес ойыншымыздан айырылып қалдық. Дегенмен, «Қайрат» бүгін жақсы ойын өрнегін көрсетті. Лайықты жеңіске жетті.
- Кездесу осындай есеппен аяқталады деп ойладыңыз ба?
- Әрине, күткен жоқпыз. Ешкімнің мұндай есеппен ұтылғанды қаламайды. Еурододаға басталарға бір ай қалғанда бес бірдей негізгі құрамның ойыншылары командадан кетті. Команданы жасақтау үшін бір күн, бір апта, тіпті бір ай да жеткілісіз.
- «Қайраттың» топтық кезеңге шығуға мүмкіндігі бар ма?
- «Қайраттың» ойыны өз басыма ұнады. Топтық кезеңге өтуге барлық мүмкіндігі бар.
- Андрей Аршавиннің ойыны жайлы не айтасыз.
- Аршавин – жоғары деңгейлі футболшы. Дәл осындай ойыншылар үшін жанкүйерлер стадионға келеді.