Германия – Мексика кездесуінен тікелей трансляция

Германия – Мексика кездесуінен тікелей трансляция

Бүгін Ресейде өтіп жатқан Конфедерация Кубогының екінші финалға шыққан командасы белгілі болады. 

Жартылай финалдық кездесу Германия мен Мексика құрамалары арасында өрбиді. Негізгі құрам ойыншыларына демалыс беріп, жастарға сенім артқан Германия құрамасына топтық кезеңде ешбір команда тосқауыл бола алмады. Ал Мексика құрамасы Конфедерация Кубогында тәжірибелі командалар қатарында. Тіпті, аталмыш турнирді бір рет жеңіп алғандығы да бар. Финалда қос команданың қай-қайсы да ойнауға лайық болғанмен жолдама біреу ғана. 

Соңғы рет екі құрама арасындағы кездесу он екі жыл бұрын Германия жерінде өткен Конфедерация Кубогында болған екен. Үшінші орын үшін өткен ойында 3:4 есебі тіркеліп, немістер жеңіске жеткен. 

Кездесуді төмендегі сілтемелерге өтіп көре аласыз.

 

 №1-ші сілтеме

 №2 <span>-ші сілтеме</span>

№3 <span>-ші сілтеме</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или