Андрей Сидельников: Келгендеріңізге рахмет

Андрей Сидельников: Келгендеріңізге рахмет

«Ақтөбе» команданың капитаны Андрей Сидельников клубтың баспасөз-қызметіне «Шахтерге» қарсы матч туралы пікір білдірді.

«Келіп жүргендеріңізге, кез-келген адам теріс айналатын шақта бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет айтамын» - Андрей Сидельников

«Біздің ойыннан соң жанкүйерлерге келіп алғыс білдірмеуімізді жанкүйерлер осымен неше ойын бойы айтып келе жатыр. Бізді клубтың дәстүрін бұзып жатыр деп айыптап жатыр. Мен былай айтайын. Ешкім де дәстүрді бұзуды қаламайды, ешкім бұзып жүрген жоқ. Біз қазір ешкімді жеңе алмай жатырмыз. «Ақтөбе» тең жеңілген кезде, тіпті тең ойын болғанда да ешқашан жанкүйерлерді айналып өтіп көрген емес. «Ақтөбенің» тарихында ешқашан болған емес. Тым болмағанда мен сол кезде команда тарихында болған жоқ. Тағы да бір нәрсе бар. Жеңілгеннен кейін «Орталық стадионды» айналып өту өте ауыр. Бұл футболшылар үшін қатты қысым. Әсіресе командаға жаңадан келгендер үшін. Жас ойыншылар да бар. Жанкүйерлерден балағат сөздерді есту олар үшін ауыр, қосымша жүк, уайым. Мен олардың осының бәрін естігенін қаламаймын. Маған капитан ретінде бұл маңызды.

Матчқа келер болсам. Мен барлық ойыншыларға алаңның ортасына тұрып, жанкүйерлерге алғыс білдіруін сұрадым. «13 секторға» барып, мүгедектердің қолын алуын сұрадым. Міне біздің дәстүріміз. Біз соны жасадық. Команда атынан барша жанкүйерлерге алғыс айтамын. Келіп жүргендеріңізге, кез-келген адам теріс айналатын шақта бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет айтамын. Біз максимум ойын көрсетіп жүрміз. Мен шын көңіліммен айтып тұрмын. Бүгін Розыбакиевті ауруханаға жан сақтау бөліміне алып кетті. Осының бәрі оның алаңда бар күшін сарқып, командаға қатты көмектескісі келгенінен. Ол барын салып ойнады. Бірдеме деп уәде берудің өзі ақымақтық. Уәде бәрін мезі етті. Мен бірақ сонда да айтайын, ешкім өтірік жүрген жоқ. Біз 200 % күшімізді салып ойнап жүрміз. Команданың осынша уақыт жолы болмай жүруі мүмкін емес.. Жеңеміз..

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или