«Бенфика» нәтижесін жақсарту мақсатында қара сиқырдың көмегіне сүйенген
Португалия чемпионатын екінші орында аяқтаған «Порту» клубының сәтсіздіктеріне «Бенфика» командасы кінәлі. Бұл туралы клубтың қоғаммен байланыс бөлімінің директоры Франсишку Маркеш мәлімдеді.
«Бенфика» клубы қас жауы «Портудың» нәтижесін нашарлату мақсатында Гвинеи-Бисау елінің танымал сиқыршысы Арманду Нагидің көмегіне сүйенген. Бұған дәлел ретінде, «Порту» басшылығы сиқыршы мен «Бенфика» арасындағы келісімшарттың көшірмесін көпшілікке ұсынды.
Арманду Наги қара сиқырдың күшімен «Бенфиканың» берген тапсырмаларын орындап отырған. Лиссабондық команда Португалия Суперкубогы мен Лига Кубогында жеңіске жеткені үшін 5 мың еуро, Португалия чемпионатында топ жарғаны үшін 100 мың еуро, Чемпиондар Лигасындағы топтық кезеңінжегі әр жеңісі үшін 10 мың еуро, плей-оффтағы жеңісі үшін 30 мың еуро сыйақы төлеп отырған. Сіз қара сиқырдың күшіне сенесіз бе?