Владимир Муханов: Біз Премьер-Лигадан ұшып кетпеу үшін күресіп жатырмыз
«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Владимир Муханов Қазақстан Премьер-Лигасы аясында қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткен кездесу туралы пікірмен бөлісті.
- Мен бүгін қолда бар құраммен жақсы ойын көрсеттік деп айта аламын. Иә, мүмкін өткірлік жетіспеген шығар. Бізде жарақат алған ойыншыларды есепке алғанда жаман емес – Шимкович қолын сындырып алды, Воловик жамбас бұлшықетін жарақаттады, Қайыров ауруханада жатыр. Команда тіпті «Шахтерға» қарағанда жақсы көрінді. Осынша ойыншыларымыздан айырылып отырмыз. Бірақ қолда бар ойыншылар білгендерінен жаңылмады, соның ішінде Сәулет пен командаға жаңадан қосылған ойыншы Абай Жүнісов. Ойға алған ойын шықпай жатты. Бірақ қазір командада спортта да, өмірде де керекті мінез қалыптасып келе жатыр. Біз біршама жұмыс жасап жатырмыз. Бірақ 90-минутта пенальти белгіленгенін түсіну қиын, мен оған пікір білдірмеймін. Пенальти қоятындай соншама не болды? Мен тұрған жерден онша көрінбеді, бірақ жақыннан көргендердің айтуынша ешнәрсе болмаған. Өкінішке орай, біз тағы да жеңіліп қалдық.
- Розыбакиевтің жағдайы қалай? Сосын, командаға келуі тиіс жаңа ойыншылар жайлы айтсаңыз? Біз бүгін бірнеше жаңа ойыншыларды көрдік. Олармен келісімшартқа отыру жайлы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
-Розыбакиев жайлы кесіп ештеңе айта алмаймын, бірақ дәрігерлердің айтуынша жағдайы ауыр көрінеді. Қатты зорығып қалған, күн ыстық болды. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Ал жаңа ойыншыларға келсек – бүгін алаңда жас ойыншы Жүнісов ойнады. Ол бізде жыл соңына дейін жалға берілді. Жастарды көтеруіміз керек. Бүгін бізде Тотай мен Бойчукті қосқанда қосалқы құрамда 15 адам болды. Жастар отырды. Жағдайымыз осындай, бізде кадр жетіспей жатыр. Бізге екі жаңа ойыншы қаралымға келді. Біз қатарға қосуды қалаған ойыншылармен іс созылып кетті, келіссөздер, виза, т.б. Біз оларды күн санап күтудеміз, ал олар әлі келе жатыр. Күлкілі жағдай. Мен де не болып жатқанын дұрыс түсінбей жатырмын. Кемінде үшеуі осы жерде болуы тиіс еді. Келесі ойынға кім келетінін нақты айта алмаймын.

- Симовичтің жағдайы қалай болып жатыр?

- Жоғары деңгейлі ойыншы. Бір жарым жыл бойы үзіліссіз ойнады. Сербияда ойнады, сосын Израильге барып ойнады. Ол сосын он күн үзілістің ішінде үйленіп, бірден бізге қосылды. Өзін аямастан жаттығып жүрген, кейін жүйкесі сыр берді. Ол жайлы жақын арада бір шешімге келетін боламыз. Ол өзі бір аптаның ішінде қалыпқа келмесем келісімшартты бұзамын деді. Бірақ мен оның табандылық білдіріп, өз-өзіне келіп, әрі қарай ойнап кетеді деп үміттенемін. Өте жақсы ойыншы.

-  Бізде 17 тур қалды. Қай орын алғыңыз келеді?
- Қандай орынтуралы айтып отырсыз? Біз қазір ұшып кетпеу үшін күресіп жатырмыз.
- Әлде Екінші лиганы зерттеп жатырсыз ба?

- Мен Екінші лиганы зерттеп жатырғаным жоқ. Маған қойылар сұрақ емес. Мен Екінші лигада жұмыс жасап көріппін бе? Біз ұшып кетпеу үшін күресіп жатырмыз, және соңына дейін күресетін боламыз. Егер басшылық менің қызметіме көңілі толмай, орынды босат десе босатам. Сіз нені меңзеп тұрсыз?
- Мен орынды білгім келіп тұр.

-Қандай орын? Мүмкін жұлдызнаманы қарап көрерміз? Сол жақтан сұрап көрейік. Бұл спорт.