Чили - финалда
Футболдан Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогының алғашқы финалисі белгілі болды.
Жартылай финалдың алғашқы матчында Португалия мен Чили құрамалары кездескен. Қос құрама үшін де бұл алғашқы финал болуы мүмкін еді. Сондықтан қос ұжым да аянып қалмады.
Матчтың негізгі уақытында жанкүйерлер гол көре алмады. Овертаймда да футболшылар есепті аша алмады. 119-минутта Чили ойыншыларының ең қауіпті шабуылын атап өткен жөн. Артуро Видаль айып алаңына енер тұста соққы бағыттыған – бағана. Кері қайтқан допты Пабло Эрнандес тағы да қақпаға бағыттаған. Еуропа чемпиондарын бұл жолы маңдайша құтқарып қалды – 0:0. Осылайша, финалға берілер жолдаманы ойыннан кейінгі пенальти сериясы анықтады.
Пенальти сериясында Чили құрамасы 3:0 есебімен жеңіске жетіп, финалға өтті. Енді олар финалда Германия - Мексика матчының жеңімпазымен кездеседі.
Конфедерация кубогы-2017. Жартылай финал
Португалия – Чили 0:0 (пен )