Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауыса ма?

Бауыржан Исламхан «Зенитке» ауыса ма?

Қазақ футболының бетке ұстар ойыншыларының бірі - Бауыржан Исламхан. Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» командасының капитанына жақын шетелдің ұжымдары көптеп қызығушылық танытқан. Алайда командасын ауыстыруға Бауыржанның өзі де, «Қайрат» клубының басшылығы асығар емес.

Алматылық команданың Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіне қатысатын футболшыларының тізімінде 24 жастағы капитанның есімі жоқ болып шықты. Артынша БАҚ өкілдері Бауыржан Исламханның өзге командаға ауысатыны туралы жарыса жазған. Ал «Қайрат» басшылығы бұл шешімді Бауыржанның өткен жылғы «Маккабиге» қарсы кездесуде алған қызыл қағазына байланысты деп отыр. Бірақ жас капитанның тек екі ойыннан шеттетілгенін ескерсек, бұл шешім асығыс шығарылғанын көреміз.

Алматылық клубтағы дереккөзге сенсек, ресейлік «Зенит» «Қайратпен» келіссөздер жүргізуде. Тіпті Бауыржан  медициналық тексерістен өтіп қойған. Келіссөздер аяқталуға жақын. Ендігі Бауыржан Исламхан Ресейдегі жаңа маусымның басталуына күтеді. Бұл жөнінде «Қайраттың» бас директоры Әлішер Апсалямов жарытып ештеңе айтпады. 

- Бұл сұраққа мен жауап бере алмаймын. Нақты жауап алу үшін «Қайраттың» спорттық директорына немесе офиске хабарлассаңыздар болады, - деп қысқа қайырды Әлішер Апсалямов.

Ал спорттық директор Евгений Калакуцкийдің айтуы бойынша, Исламханға қызығушылық танытатын командалардың саны көп.

- Бұл жерде Бауыржанның өзімізге қажет екенін ескеру керек. Исламханды тек «Қайратқа» пайдалы ұсыныс негізінде жіберуіміз мүмкін. Ал әзірге Бауыржанға қатысты нақты келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Өткен жылы «Маккабиге» қарсы ойында қызыл қағаз алуына байланысты оны Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіне қатысатын футболшылардың тізіміне қоспауды жөн деп шештік, - дейді «Қайраттың» спорттық директоры.

Не де болса, істің соңын күтейік. Бауыржанның Ресей Премьер-Лигасына ауысуы барлық жағынан пайдалы болмақ. Қазақстан құрамасы капитаны деңгейі жағынан жоғары біріншілікте өнер көрсетіп, тәжірибе жинақтайтын еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или