ҚКФЛ-ТВ жобасы «Ертіс» - «Дунав» ойынын көрсетеді
Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің «Ертіс» - «Дунав» ойынының Қазақстан телеарналарында тікелей көрсетілімі ұйымдастырылмағандықтан, Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы аталған кездесуді ҚКФЛ-ТВ жобасында тікелей эфирде көрсетуге шешім қабылдады.
Сонымен қатар ҚКФЛ телевизиялық сигналды болгарлық әріптестермен алмасуға деген келісімге келді. Қазақстандық жанкүйерлердің екі кездесуді де ҚКФЛ-ТВ жобасынан көруге мүмкіндігі болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ертіс» - «Дунав» ойыны 29 маусымда өтеді. Тікелей көрсетілімнің басталуы - Астана уақытымен 19:50-де.
Қарымта ойын Болгарияда 6 шілдеде болады. Тікелей эфир Астана уақытымен 22:50-де жоспарланған.
<iframe width="512" height="288" src="https://www.youtube.com/embed/hRo_4Ek4uhQ" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или