«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Топ бәйге» бойынша республикалық жарыс өтті

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Топ бәйге» бойынша республикалық жарыс өтті

Астана қаласының «Қазанат» атшабарында 15 шақырымдық «Топ бәйге» бойынша республикалық жарыс өтті, деп хабарлайды <span>ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметі.</span>

Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі,  ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы».

Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан шабандоздар қатысты. Бәйгеге қатысатын аттардың саны 35-тен аспады. Жарыстың жүлде қоры – 15 млн теңге. Сома жүлдегерлер арасында 1-5-ші орынға дейін бөлініп берілді. Бірінші орынды Алматы облысынан келген Ақжол Жұматай иеленді. ШҚО шабандозы Тусунәлі Ерқұт екінші орынға табан тіресе, жүлделі үшінші орынды Ақмола облысының шабандозы Ризаев Даниял алды. Төртінші орынды ШҚО келген Айдаралы Нұрболат алса, бестікті қостанайлық Застежко Кирилл түйіндеді.

Сонымен қатар,  «джигитовка», «теңге ілу», «жамбы ату», «қыз қуу», қазақы тазы иттер жарысы сияқты ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или