Мессидің қайырымдылық қоры 10 миллион еуро табысты жасырды

Мессидің қайырымдылық қоры 10 миллион еуро табысты жасырды

«Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессидің қайырымдылық қоры сегіз жылда 10 миллион еуродан астам табысты жасырған. Бұл жайлы ипаниялық ABC басылымы жариялады.

Мессидің атындағы қор 2007 жылы Барселонада құрылған. Оның мақсаты - балаларға көмектесу. Алайда басылымның айтуынша, оның көмегімен аргентиналық футболшы демеушілік келісімшарттардан түскен табысты жасырған. Қор түрлі құйтырқы әрекеттерді қолданып Испания мен Аргентина салық органдарына өзінің табыс айналымы жайлы нақты ақпаратты ұсынбаған. Мессидің қоры басылмыға жауап беруден бас тартқан.

Естеріңізге салайық, бұған дейін футболшының қылмыстық ісінің соңғы үкімі шыққан еді. Үкім бойынша Месси мемлекет қазынасына 252 мың еуро, ал оның әкесі -  Хорхе Месси 180 мың еуро төлейтін болды.<br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или