Алматыда регбиден Жастар ойындары өз мәресіне жетті

Алматыда регбиден Жастар ойындары өз мәресіне жетті

Алматыда 1997-1999 жылдары туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында регбиден жастар ойындары аяқталды.

 Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 11 ерлер командасы мен 9 қыздар құрамасы өзара мықтыны анықтады.

Бас төрешінің айтуынша, Алматы және Алматы облысының ұжымдары әрдайым жақсы дайындығымен ерекшеленеді. Әлбетте, қалған командалардың да тәжірибиесі жыл санап өсуде. Бірақ, алматылықтардың деңгейі олардан әлдеқайда жоғары.

Диана Әбішева , «Алматы» қыздар командасының капитаны:

- Бұл біз үшін өте маңызды шара. Өйткені жастар ойындары 4 жылда бір рет өткізіледі. Осындай турнирдің чемпионы атану – үлкен мәртебе. Менің ойымша, біз алға қойған мақсатымызға жеттік, барлығын ойсырата ұттық. Қарсыластарымызға бірде-бір ұпай жинауға мүмкіндік берген жоқпыз. Әр ойыншы өз тапсырмасын керемет орындап шықты. Ең басты қарсыласымыз Талдықорған ойыншылары болды. Бұл кездесуде олар бізден басым түсті. Алматы мен Алматы облысында регби қарқынды дамып келеді. Содан болар, ең мықты ойыншылар осында. Сонымен қатар, ұлттық құрама мүшелерінің басым бөлігі де осы ұжымдардың регбишілері.

Жарыстың ережесіне сәйкес әр командада 14 ойыншыдан, оның 12-сі алаңға шығып, ойнайды. Әр кездесу 7 минуттан тұратын екі ойыннан тұрады.Финалдық ойындар өте тартысты өтті. Ұлдар арасында өткен ақтық бәсекеде алаң қожайындары 17:14 есебімен Талдықорған командасын тізе бүктірсе, қыздар арасында өткен финалда талдықорғандық бұрымдылар 12:7 есебімен Алматы құрамасын жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.Осылайша алаң иелері күміспен күптелсе, қоланы қыздар арасында «Қостанай облысы», ал ұлдар арасында «Маңғыстау облысы» қанағат тұтты.

Павел Соколов, «Алматы» ерлер командасының ойыншысы:

- Чемпионат керемет өтті. Барлық қарсыластарымыздан басым түстік. Менің ойымша, олар осындай қысымға дайын болған жоқ. Алайда, басты қарсыластарымыз - Талдықорған регбишілері осал еместігін ойын барысында көрсетті.Ақтық сайыста біз олармен кездестік. Біздің бесжылдық тәжірибиеміздің, ынтымақ пен бірліктің арқасында жеңіске жеттік деп ойлаймын. Барлық ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік үшін алғысымыз шексіз. Менің ойымша, біз қала намысын жоғарғы деңгейде қорғап шықтық.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және кубоктармен марапатталды.

Жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстан тұрғындарын күнделікті спорт пен дене шынықтырумен айналысуға қызықтыру, жазғы спорт түрлерінен үздік спортшыларды анықтау, үздік регбишілерді еліміздің құрама командаларына іріктеу, оларды 2017 жылы Индонезияда өтетін Азия ойындары және 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айресте жалауы желбірейтін жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына дайындау.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или