Александр Марочкин: «Астананың» деңгейі бізден бір бас жоғары
Көкшелік «Оқжетпестің» қорғаушысы Александр Марочкин «Астанаға» (0:3) қарсы кездесу туралы пікірін білдірді.
«Меніңше, біз алғашқы таймда қарсыласымыздан кем ойнаған жоқпыз. Тіпті, гол соғатын бірнеше тамаша мүмкіндіктеріміз болды. <span>«Астана» көп шабуылдағанымен, біздің қақпамызға қауіпті шабуыл жасамады. Үзіліске дейін шыдас бере алмай, қарымта шабуылда гол жіберіп алды. Ал екінші таймда «Астананың» деңгейі бізден бір бас жоғарлығы әсер етті. Дегенмен, жеңілу әрқашан көңілге қаяу түсіреді</span>», - дейді қорғаушы «Оқжетпес» клубының баспасөз қызметіне.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или