Виктор Пасулько: Ойын өте қиын болды
«Астана» командасы Премьер-Лиганың 17-ші туры аясында «Тарлан Арена» стадионында көкшетаулық «Оқжетпес» командасына қарсы ойнап, 3:0 есебімен басым түсті.
Ойын соңында көкшетаулық команданың бас бапкері Виктор Пасульконың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:
- Өте қиын ойын болды. Ойынның бірінші таймында «Астана» командасында гол соғатын бір де бір мүмкіндік болған жоқ. Қорғаныстағы жіберген қателіктің кесірінен қақпамызға гол алып келдік. «Астана» сияқты командаға қарсы дәл бүгінгідей ойнауға болмайды. Екінші таймда жігіттер шаршап қалды. Бізге әлі де көп еңбектену қажет. Жіберген қателіктерден лайықты қорытынды шығарып, келесі кездесуге дайындалатын боламыз.
- Командада тірек жартылай қорғаушының жетіспейтіні байқалады. Бұл мәселені қалай шешетін ойыңыз бар?
- Біз бұл мәселе бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Әрине, өте қиын. Команда сапынан Нейн кетіп қалды, Лукас жарақатынан әлі де айыққан жоқ. Бүгін дәл осы позицияға Волковты шығарған едік. Ойынның бірінші таймында өзіне жүктелген міндетті орындап шықты. Дегенмен ол өте аз. Физикалық мүмкіндігіміз өте төмен. Бірақ, біз әрқашан алға қарауымыз керек. Бұл мәселені келесі матчқа дейін шешетін боламыз.
- Өткен турда ойынның ортасынан қосылған Антон Кусин өте сәтсіз өнер көрсеткен еді. Бүгін де командасына гол алып келді. Бұл ойыншының ойынына қандай баға бересіз?
- Біз жас ойыншыларға мүмкіндік беруіміз керек. Ол өте жас ойыншы. Кез келген ойыншы қателіктерден үйренеді. Егер біз жас ойыншыларға мүмкіндік бермесек, олардан жақсы ойыншы шықпайды. Біз Антонмен бірнеше рет сөйлестік, қателіктерін түзету туралы айттық. Дегенмен, ол әлі де қайталануда. Осы қателіктерден лайықты сабақ шығару үшін, алда еңбектенуіміз қажет.