Станимир Стоилов: Біз бүгін лайықты жеңіске жеттік
«Астана» командасы Премьер-Лиганың 17-ші туры аясында «Тарлан Арена» стадионында көкшетаулық «Оқжетпес» командасына қарсы ойнап, 3:0 есебімен басым түсті.
Ойын соңында елордалық команданың бас бапкері Станимир Стоиловтың қатысуымен баспасөз жиыны өтіп, кездесу туралы өз пікірін білдірді:
- Бүгін өте қиын ойын болды. Оның бірінші себебі «Оқжетпес» командасы бес қорғаушымен ойнап, біздің шабуылда өз дегенімізді жасауға көп мүмкіндік берген жоқ. Екінші бір себеп алаң сапасы жылдам, ақылды футбол ойнауға қолайсыз болды. Үшіншіден ауа райының қатты ыстық болуы ойыншыларға қиын соқты. Дегенмен, біз бұл қиындықтардан лайықты шешім шығарып, ойынның бірінші таймында шешуші голды соғып алдық. Менің ойымша біз бүгін жеңіске лайықты ойын көрсете алдық.
- Бүгін негізгі құрамда жас ойыншы Владислав Прокопенко алғашқы кездесуін өткізді. Оның ойынына қандай баға бересіз?
- Прокопенко соңғы екі айда өте көп еңбектеніп, дубль сапында өзін өте жақсы қырынан көрсете алды. Сондықтан біз оған бүгінгі кездесуде мүмкіндік бердік. Ол өте жас, небәрі 16 жаста. Оны алда ұзақ, әрі қиын жол күтіп тұр.
- Команда сапына жаңадан қосылған Клянхайслер қашан алаңға шығады?
- Егер барлық мәселелер оңтайлы шешімін тапса, біз Ласлоны келесі кездесуде алаңға шығаратын боламыз. Себебі жаңадан келген ойыншылар команда құрамына сіңісіп, алаңда тезірек тіл табысулары керек. Бізді алда өте қиын кезең күтіп тұр. Чемпиондар Лигасында сәтті өнер көрсетіп, ел чемпионатында топ жару үшін жаңа ойыншылардың команда құрамында тездетіп өз орындарын тапқаны біз үшін өте маңызды.
- Трансферлік терезе соңына дейін команда құрамын әлі де күшейту жоспарда бар ма?
- Бізге дәл қазір шабуыл шебін күшейту қажет. Алдағы уақытта тағы да бір-екі ойыншы келеді деп ойлаймын.