«Астана» «Оқжетпесті» тас-талқан етті
Ел чемпионы «Астана» өз алаңында қонақтарды сенімді жеңді.
17-турда елордалық команда өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдаған. Алаң иелері қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол тоғытты. Ойынның 40-минутында Патрик Твумаси гол соққан.
Бұл есеп ойынның соңына дейін сақталып тұрды. 77-минутта Срджан Граховац есепті еселеді. Бір минуттан соң, Джуниор Кабананга өз командасының үшінші голын соқты. Қорытынды есеп – 3:0, ел чемпионы маңызды жеңіске қол жеткізді.
Осы ойыннан соң көш басындағы орнын өзіне қайтарып алды – 42 ұпай. «Оқжетпес» болса, 15 ұпаймен соңғы жақта келе жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или