«Ақжайық» пен «Тараз» тең тарқасты

«Ақжайық» пен «Тараз» тең тарқасты

Оралдық «Ақжайық» ел чемпионатының 17-турында «Таразбен» тең түсті.

«Ақжайық» үшін бәрі тамаша басталған. 26-минутта Изу Азука алаң иелерін алға шығарды. Бұл есеп үзіліске дейін сақталды.

Екінші таймда тараздық команда қос гол соқты. 54-минутта Бақтияр Зайнутдинов таразы басын теңестіріп тастады. Араға 11 минут салып, қонақтар екінші добын салды. Бұл жолы Максим Фещук қанжығасын майлады.

Бірақ оралдық ұжым матчтың соңына таман таразы басын теңестіре алды. «Тараз» қақпасына пенальти белгіленіп, оны Азука дәл орынады. Қорытынды есеп – 2:2.

Осы ойыннан соң «Тараз» 17 ұпай жинап, жетінші сатыға тұрақтады. Ал «Ақжайық» болса, 13 ұпаймен 10-шы орында келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или