«Оқжетпестің» бұрынғы ойыншысы Черногорияға ауысты

«Оқжетпестің» бұрынғы ойыншысы Черногорияға ауысты

Көкшетаулық «Оқжетпестің» бұрынғы футболшысы Ристо Ристович черногориялық «Будучность» клубына ауысты.

«Спортси Журнал» ақпаратына сүйенсек, Ристович пен черногориялық клуб арасындағы келісім-шарт бір жылға жасалған.

Айта кетейік, 29 жастағы жартылай қорғаушы былтыр «Оқжетпес» сапында 27 матч өткізіп, 5 гол соққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или