«Шахтерден» «Шахтерге». Хижниченко ҚПЛ-ға оралды

«Шахтерден» «Шахтерге». Хижниченко ҚПЛ-ға оралды

Қарағандылық «Шахтер» ресми түрде команда сапына шабуылшы Сергей Хижниченконың ауысқанын хабарлады.

26 жастағы форвард «кеншілердің» намысын 2011-2013 жылдар арасында қорғап, 84 ойында 29 гол соққан еді. «Шахтер» сапында Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған болатын.

Сергей Қазақстанда «Шахтерден» бөлек «Восток», «Астана», «Ақтөбе» және «Тобылдың» намысын қорғады. Сондай-ақ, польшалық «Корона» сапында да өнер көрсетті.

Хижниченко Қазақстан құрамасында 42 матчқа қатысып, 8 голдың авторы атанды.

Өскемен футбол мектебінің түлегі соңғы рет белорусьтік «Шахтер» сапында өнер көрсеткен-ді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или