«Қайраттың» қарсыласы Литва кубогынан ұшып кетті

«Қайраттың» қарсыласы Литва кубогынан ұшып кетті

«Қайраттың» Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы «Атлантас» Литва кубогында «Жальгириске» жол берді.

Клайпедалық команда 1/8 финалда 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Матчтағы жалғыз голды 30-минутта «Жальгиристің» бразилиялық шабуылшысы Эливелто соқты. Осылайша, «Атлантас» соңғы төрт кездесуінде жеңіске жете алмай келеді – екі тең ойын мен екі жеңіліс.

Айта кетейік, алғашқы матч 29 маусымда Алматыда, қарымта ойын 6 шілдеде Клайпедада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или