Митрион Емельяненконы бірінші раундта құлатты
24-ші маусымда Bellator 180 турнирінде ресейлік Федор Емельяненко америкалық Мэтт Митрионмен кездесу өткізді.
Кездесу аңдысумен басталды. Бірінші минутта екеуі де соққы жасамады. Кейіннен екі спортшы да бір-бірін оң қолмен құлатты. Бірақ Митрион бірден тұрып, жерде жатқан Федорды ұруға кірісті. Бірнеше соққыдан кейін Емельяненко қорғанысты қойған болатын. Рефери кездесуді аяқтауға шешім қабылдады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или