Қазақстан әйелдер құрамасы ФИФА рейтінгінде төрт саты төмендеді
Қазақстан құрамасы жыл басынан бері үш ойын өткізген болатын. 2019 жылғы Әлем Чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінде біздің футболшылар Грузия (1:0) және Эстония (1:0) құрамаларын ұтып, Латвиямен (2:2) есебімен тең түскен еді.
Рейтинг көшін АҚШ құрамасы бастап тұр. Екінші орында Германия келеді. Ал, үздік үштікті Франция қыздары түйіндеді.
ФИФА рейтингі енді 1 қыркүйекте жаңартылады.
ФИФА рейтингі. 23 маусым, 2017 жыл:
1 (2). АҚШ - 2118 ұпай,
2 (1). Германия - 2111,
3 (3). Франция - 2072,
4 (5). Канада - 2027,
5 (4). Англия - 2024,
6 (6). Жапония - 1981,
7 (8). Австралия - 1976,
8 (9). Бразилия - 1971,
9 (6). Швеция - 1956,
10 (10). КХДР – 1949…
...
25 (25). Ресей – 1738,
35(35). Уэльс – 1612,
63 (58). Босния және Герцеговина – 136,
66 (62). Қазақстан - 1362.<span id="ctrlcopy"><br /><br /></span>