Ресми: Лулаку мен Максимович «Астанадан» кетті
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Астанадан» албаниялық ойыншы Аздрен Лулакудың кеткендігін хабарлады.
Румыния біріншілігінің үздік сұрмергені атанған Аздрен Қазақстан біріншілігінде ойдағыдай өнер көрсете алмады. 16 ойында жалғыз гол соққан албаниялық ойыншы елордалық клубтан кетуге мәжбүр. Астаналық командада ойыншының айлық жалақысы қырық мың еуро болған болатын.
Стойлов команданың шабуыл өтіндегі ойыншыларына көңілі толмай «Тобылда» жалда болған Джордже Деспотовичті қайтаруға мәжбүр.
Қазіргі уақытта Сердия жастар құрамасымен Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Неманья Максимович та команда қатарында енді болмайды. Чемпионат аяқталысымен ол жаңа командасы «Валенсияға» ауысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или