Германия мен Чили тең түсті
Татарстанның астанасы Қазан қаласында Конфедерация Кубогының топтық ойыны өтті. Әлем чемпионы Германия мен «Копа Америка» чемпионы Чили құрамасы кездесті.
Футболға келген жанкүйерлер тарысты футбол көрді. Ойынның 6-шы минутында «Арсеналдың» шабуылшысы Алексис Санчес чилиліктерді алға шығарды. Ал бірінші таймның соңында «неміс машинасы» үлгілі қарымта шабуылды көрсетіп, есепті теңестірді. Голдың авторы Штиндль.
Өкінішке қарай, екінші таймда қос қарсылас қанша тырысқанымен бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады.
Қазан қаласы. Конфедерация Кубогы - 2017
Германия – Чили 1:1 (1:1)
Голдар: Санчес, 6 (0:1). Штиндль, 41 (1:1).
Ескертулер: Штиндль, 20. Руди, 60. Санчес, 64. Босежур, 79.
Төрешілер: ФАГАНИ, Мансури, Сохандан (все Иран). Ирматов (Узбекистан), Диаш (Португалия), Флетчер (Канада).
Германия: Тер Штеген , Киммих, Мустафи, Рюдигер, Брандт, Дракслер, Руди, Горецка, Хектор, Вагнер, Штиндль.
Чили: Эррера, Исла, Медель, Хара, Босежур, Арангис, Диас, Видаль, Фуэнсалида, Варгас, Санчес.