Оскардың «осал» қылығы
«Шанхай СИПГ» клубы мен Бразилия құрамасының ойыншысы Оскар Қытай суперлигасының аясында өткен кездесуде жанжалдың туындауына себепші болғаны үшін жазаға тартылды.
<span>«Шанхай СИПГ» мен «Гуанчжоу Фули» (1:1) командалары арасындағы матчтың бірінші таймы аяқталар тұста Оскар қарсыластарын бірінен соң бірін жақын қашықтықта доппен тебе бастаған. Екі ойыншыға жойқын соққы тиген сәтте наразылығын білдірген қарсылас командалар арасында шу шығып, арты төбелеске айналды. </span>
<span>Ендігі, Қытай футбол қауымдастығы «Шанхай СИПГ» клубына «Челсиден» 70 миллион еуроға ауысып келген бразилиялық футболшыны сегіз кездесуден шеттеті. Оған қоса, 5,2 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндетті.</span>
<iframe width="626" height="360" src="https://www.youtube.com/embed/LpFN5iwxFhk" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>