Еркебұлан Сейдахмет ҰБТ тапсырды

Еркебұлан Сейдахмет ҰБТ тапсырды

Тараз футбол мектебінің талантты өкілдерінің бірі Еркебұлан Сейдахмет үлкен спортта ғана емес, білім алуда жетістікке жетуде.

Жамбыл қаласының №46 мектебін тәмәмдаған Еркебұлан Бірыңғай Ұлттық тестілеуге қатысып, 140 балдың 98-ін жинаған. Адам.Қоғам.Құқық пәнінен 33, Қазақстан тарихынан 17, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және жалпы тарихтан 16 балл алған. 

Жас талант білім алуды ары қарай жалғастырмақ. Ол Тараз мемлекеттік жоғарғы оқу орнының заңтану мамандығына түсуді көздеп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или