Ди Мария: Каваниді әлемнің үздік шабуылшыларының бірі
Париждік ПСЖ клубының ойыншысы Анхель Ди Мария әріптесі Эдинсон Каваниді әлемнің үздік шабуылшыларының бірі деп есептейді.
«Эди – керемет ойыншы. Қажет кезде қажет орыннан табыла біледі. Оның үстіне, қарсыласынан сытылып өте алады. Ол әрқашан қарсыласының не істейтінін алдына ала болжауға тырысады. Ағымдағы маусым ол үшін табысты өтті. Кавани өзіне артылған барлық үмітті ақтап, әлемнің үздік шабуылшыларының бірі екенін тағы бір дәлелдеді», - дейді Ди Мария клубтың баспасөз қызметіне.
Биылғы маусымда Эдинсон Кавани Франция чемпионатында 36 ойынға қатысып, 35 мәрте қарсыласының қақпасын дәл көздеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или