Ресейлік үш жеңіл атлет төрт жылға шеттетілді

Ресейлік үш жеңіл атлет төрт жылға шеттетілді

Пекин олимпиадасының күміс жүлдегері Анастасия Капачинская мен ресейлік тағы екі спортшы допинг қолданғаны үшін төрт жылға жарыстарға қатысу құқығынан айырылды, деп хабарлайды <span style="font-size: 11px;">ресейлік жеңіл атлетика федерациясы.</span>

<span style="font-size: 11px;">Капачинская, Инга Абитова мен Дениса Алексеева олимпиадасы кезінде алынған сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде тыйым салынған туринабол препаратын қолданған деп айыпталды. Капачинскийдің сынамасынан бұған қоса станозолол препаратының белгілері де табылған.</span>

Ресейдің допингке қарсы агенттігі спортшылар допинг туралы ережені бұзғандарын өздері мойындады дейді. Халықаралық олимпиада комитеті 2008 жылғы Пекин олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон олимпиадасында алынған жүздеген сынаманы допинг іздері бар-жоғын жетілген технологиямен анықтау үшін қайта тексеріп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или