43 жылдан кейінгі қайта оралу

43 жылдан кейінгі қайта оралу

Димитар Дмитров баптаған «Ертіс» араға үш жыл салып еурокубок жарысына жолдама алды. Бұл жолы жеребе «Дунав» командасына жолдас қылды.

Толық аты: Дунав Русе футбол клубы

Лақап аты: Драконите (Айдаһарлар)

Құрылған жыл: 1949 жыл 16 ақпан

Стадионы: «Городской», Русе

Сыйымдылығы: 19 960 көрермен

Президенті: Симеон Симеонов

Бас бапкері: Пламен Донев

Тарихы

«Ертістің» қарсыласы «Дунав» командасы 1949 жылы 16-шы ақпанда құрылған. Алайда ұзақ уақыт өтпестен жабылып ақалады. Сол жылдың қазан айында «Торпедо» атты клуб ашылып, қазіргі «Дунавтың» тарихының басталуы еді.

70 жылдық ғұмыры бар ұжымның тарихы аса бай емес. Болгария біріншілігіндегі ең жоғарғы нәтижесі – 4 орын. Алғашқысына 1974/75 жылғы маусымда қол жеткізсе, өткен жылы жетістігін қайталады. Бірнеше рет банкротқа ұшырап, жабылу алдында болған ұжым ағымдағы маусымда еурододаға қатысады.

Еуропаға жорық

1974 жылы Болгария чемпионатында төртінші орында тұрақтап, еурокубокқа қатысуға құқық алды. УЕФА Кубогы деп аталған жарыстың алғашқы іріктеу кезеңінде Италияның «Ромасына» қарсылас атанады. Тартысты өткен бірінші кездесуде болгарлықтар жалғыз доп айырмасымен қарсыластарын қапы қалдырса, қарымта ойында «Рома» футболшылары «Дунавтың» қақпасына екі гол соғып, жолдаманы қанжығасына байлайды.

Арада 40 жылдан астам уақыт өткенде «Дунав» еурокубокқа қайта оралды. Ел біріншілігінде төртінші орын алған ұжымға Еуропа лигасының жолдамасы бұйырмайтын. Алайда УЕФА ұйымы Софиялық ЦСКА клубына еурокубокқа қатысуға рұқсат бермей, жолдама «Дунавтың» еншісіне өтті. Бұл жолы жеребе қазақстандық «Ертіске» жолдас қылды.

Құрамы

«Дунав» ойыншыларының орта жасы – 25,2. Команда капитаны әрі ардагері – Диан Димов. Отыздың біріне келген футболшы «Дунавтың» белді ойыншыларының бірі. Командада украиналық Олексей Ларин есімді жалғыз легионер бар.

Болгарлық клубтың жалпы құны – 2 миллион 210 мың еуроны құрайды. 25 жастағы жартылайқорғаушы Самир Аяс команданың ең құны футболшысы. Transfermarkt.de cайтының мәліметінше, оның трансферлік нарықтағы бағасы – 250 мың еуродан асып жығылады.

Мүмкіндік

Болгар командалары мен қазақстандық клубтардың еурокубоктарда өзара үш рет жолдары түйіскен. 2003 жылы «Левски» «Атырауды» жарыс жолынан шығарса, арада он жыл өткенде керекулік «Ертіс» дәл осы «Левскиден» айласын асырған.

«Атырау» (Атырау, Қазақстан) - «Левски» (София, Болгария) 1:4 (0:4)
Голдар: Чиликов, 9 (0:1), Г.Иванов, 13 (0:2), Темиле, 20 (0:3), Г.Иванов, 33 (0:4), Агабаев, 88 (1:4)
«Атырау»: Деонас, Еремеев, Горячев (Фощий, 73), Костюк, Соболев, Ушаков, Көкеев (Гуртуев, 74), Каракулов, Баджелидзе (Родионов, 84), Агабаев, Джанашия
«Левски»: Иванков, Станков, Топузаков, Стоянов, Ангелов, Темиле, Герасимов, Симонович, Вагнер (Андонов, 72), Чиликов (Телкийски, 59), Г.Иванов (Демба-Нирен, 46)

«Левски» (София, Болгария) - «Атырау» (Атырау, Қазақстан) - 2:0 (1:0)
Голдар: Ангелов, 27, с пенальти (1:0), Телкийски, 69 (2:0)
«Левски»:: Иванков, Топузаков, Букарев, Андонов (Вагнер, 55), Головской (Симонович, 46), Ангелов, Телкийски, Стоянов, Миланов, Г.Иванов, Демба-Нирен (Колев, 70)
«Атырау»:: Деонас, Еремеев, Горячев, Костюк, Соболев, Ушаков, Көкеев (Сейталиев, 82), Каракулов, Фощий, Кошкаров, Агабаев (Родионов, 82)

«Левски» (София, Болгария) «Ертіс» (Кереку, Қазақстан) - 0:0
«Левски»: Илиев, Ангелов (к), Везалов, Нуну Пинту, Мулдер, Родригес, Криштован (Лопиш, 81), Гаджев (Вутов, 60), Брю, Велев, Жуан Сильва (де Карвальо, 53).

«Ертіс»: Котляр (к), Говедарица, Кулибали, Шомко, Кучера, Шабалин (Чичулин, 21), Халмуратов, Мухутдинов, Бакаев (Чернышов, 90), Юрин, Мурзоев (Струков, 90+3).

«Ертіс» (Кереку, Қазақстан) — «Левски» (София, Болгария) - 2:0 (2:0)
Голдар: Мурзоев, 6 (1:0), Бакаев, 13, пенальтиден (2:0)
«Ертіс»: Котляр, Чернышов, Говедарица (Чичулин, 58), Кулибали, Шомко, Кучера, С.Иванов (к), Мухутдинов, Бакаев, Юрин (Шабалин, 73), Мурзоев (Аяганов, 90+2).

«Левски»: Илиев, Ангелов (к), Старокин, Везалов, Мулдер, Лопиш (Велев, 46), Родригес, Криштован, Д.Димов, Брю (Вутов, 73), Жуан Сильва (де Карвальо, 46).

2013 жылы Еурокубокқа алғаш рет жолдама алған елордалық «Астана» болгарлық «Ботевке» қарсылас атанады. Біздің ұжым бұл жұптың фавориті аталғанымен, іс жүзінде бәрі керісінше болды. Қос кездесудің нәтижесі бойынша «Ботев» «Астананы» 6:0 есебімен жеңді.

«Астана» (Астана, Қазақстан) — «Ботев» (Пловдив, Болгария) - 0:1 (0:1)
Голдар: Ирсак, 44 (0:1)
«Астана»: Эрич, Дмитренко, Игуманович, Бейсебеков, Зелау, Коробкин, Нұрдәулетов (к), Қонысбаев (Кояшевич, 46), Кетевоама, Исламхан (Қуат, 62), Нөсербаев.
«Ботев»: Стаховяк, Грнчаров, Минев (к), Спрокел, Огнянов, Христов, Андрианантенена (Костов, 90+3), Ирсак, Галчев, Сакраменту Виейра (Неделев, 89), Кортцорг (Дяков, 74).

«Ботев» (Пловдив, Болгария) «Астана» (Астана, Қазақстан) - 5:0 (0:0)
Голдар: Огнянов, 54 (1:0), Сакраменту Виейра, 56, пенальтиден (2:0), Неделев, 58 (3:0), Грнчаров, 71 (4:0), Неделев, 75 (5:0)
«Ботев»: Стаховяк, Грнчаров, Минев (к), Спрокел, Огнянов, Христов, Андрианантенена, Ирсак, Галчев (Педро, 76), Сакраменту Виейра (Дяков, 61), Кортцорг (Неделев, 46).
«Астана»: Эрич, Дмитренко, Игуманович, Бейсебеков, Зелау, Коробкин, Нұрдәулетов (к), Кетевоама (Пасичник, 76), Қуат, Кояшевич (Нөсербаев, 64), Шахметов (Қонысбаев, 60).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или