Конфедерация кубогы: Мексика Жаңа Зеландияны ұтты

Конфедерация кубогы: Мексика Жаңа Зеландияны ұтты

Футболдан Конфедерация кубогының «А» тобында Мексика Жаңа Зеландия құрамасымен күш сынасты.

Ресейдің Сочи қаласында өрбіген ойын 2:1 есебімен «ацтектердің» пайдасына шешілді. Мексика сапында Хименес пен Перальта көзге түссе, Жаңа Зеландия құрамасында Вуд мергендік танытты.

Осылайша, Мексика құрамасы 2 турдың қорытындысы бойынша төрт ұпай жинап, Португалиямен бірге «А» тобында көш бастап тұр. 

Конфедерация кубогы – 2017. «А» тобы. 2-ші тур

Мексика – Жаңа Зеландия 2:1 (0:1)

Голдар: Хименес 54, Перальта 72 – Вуд 42  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или