Конфедерация кубогы: Португалия Ресейден басым түсті

Конфедерация кубогы: Португалия Ресейден басым түсті

Бүгін футболдан Конфедерация кубогының «А» тобында Ресей Португалия құрамасымен күш сынасты.

Ресейдің Мәскеу қаласында өрбіген тартысты ойын Еуропа чемпиондарының жеңісімен аяқталды – 1:0. Кездесуді жалғыз голды матчтың 8-ші минутында Криштиану Роналду соқты. Әлемнің үздік футболшысы әріптесінің әдемі пасынан кейін Акинфеев қорғаған қақпаны дәл көздеді.

Осылайша, Португалия құрамасы 2 турдың қорытындысы бойынша төрт ұпай жинап, «А» тобында көш бастады.

Конфедерация кубогы – 2017. «А» тобы. 2-ші тур

Ресей – Португалия 0:1 (0:1)

Гол: Роналду 8

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или