«Қайрат» Қазақстан Кубогының финалына еш қиындықсыз өтті
Қазақстан Кубогы финалының жолдамасына Алматының «Қайраты» мен Шымкенттің «Ордабасы» командасы тартысты.
Қарсыласының қақпасын алғашқы минуттан торуылдаған алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Ойынның 23-ші минутында Бауыржан Исламхан айып алаңына енбей соққы жасап, командасын есепте алға шығарған. Араға 7 минут салып Аршавин «Қайраттың» екінші голын соқты. Әріптесі Жерар Гоумен пас алмасқан Андрей Аршавин қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді. 36-шы минутта команда капитаны Бауыржан Исламхан пасымен Георргий Жуковты қақпашы Алмат Бекбаевпен жеке шығарған, алайда Жуков допты қақпаға барысша атылған Жерар Гоуға беруді дұрыс деп ұйғарды. Ал «Қайраттың» сұрмергені бос қақпаға допты дөңгелете салды. Есеп 3:0. Екінші таймда қонақтардың алаң ортасында қателігін соң қақпаға қарай ойысқан Гафуржанның айып алаңына әуелете көтерген добын Гоу баспен қақпаға бағыттағанымен, Алмат Бекбаев допты керемет қайтара білді. Ойын аяқталар тұста айып алаңында «Қайрат» қорғаушысы ереже бұзып, бас төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Нүктеге келген Виталий Ли қақпашы Стас Покатиловтан айласын асырды.
Осылайша, Кахабер Цхададзенің командасы Қазақстан Кубогының финалына жолдама алды.
Қазақстан Кубогы. Жартылай финал. Бірінші ойын - 0:0
«Қайрат» – «Ордабасы» - 3:1
Голдар: Бауыржан Исламхан 23', Андрей Аршавин 30', Жерар Гоу 36' - Виталий Ли 90'
«Қайрат»: Стас Покатилов - Ғафуржан Сүйімбаев, Сезар Арзо, Акош Элек, Ян Вороговский - Михаил Бакаев, Георгий Жуков - Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Бауыржан Исламхан - Жерар Гоу.
«Ордабасы»: Алмат Бекбаев - Мардан Төлебек, Темірлан Ерланов, Пабло Фонтанелло, Александр Симчевич, Никита Бочаров - Абдуллай Диакате, Кирилл Ковальчук - Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев - Таңат Нөсербаев.