Қазақстандық шабуылшы Грузияда доп тебуі мүмкін

Қазақстандық шабуылшы Грузияда доп тебуі мүмкін

Қазақстандық 20 жасар шабуылшы Акиф Гасанов грузиялық «Гардабани» клубымен келіссөз жүргізіп жатыр.

«Гардабанидің» бас бапкері қызметін әзірбайжандық Адиль Махмудов атқарады. Грузиялық командаға шабуылшы керек болғандықтан, олар қарағандылық футболдың түлегіне назар аударған.

Акиф Гасанов бұған дейін «Шахтердің» дублінде өнер көрсетті. 2017 жылдың алғашқы жартысын «Шахтер-Болат» сапында өткізді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или