«Атырау» Аблитаровты қатарына қосты
28 жастағы украиналық қорғаушы Ризван Аблитаров мансабын «Атырауда» жалғастырады.
Бойшаң қорғаушы бұған дейін Украинада «Днепр», «Ильичёвец», «Севастополь», «Буковину», «Титан», «Оболонь-Бровар» және «Черноморец» клубтарында, сондай-ақ, латвиялық «Даугавуда» өнер көрсетті. Украинаның жасөспірімдер құрамасында ойнаған.
«Мұнайшылар» осы жазғы трансфер кезінде Аблитаровтан басқа жартылай қорғаушы Эдуарда Сергиенко мен шабуылшы Предраг Сикимичті қатарына қосты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или