Эррера «Барселонаға» ауысқысы келмейді

Эррера «Барселонаға» ауысқысы келмейді

«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Андер Эррера «Барселона» қызығушылығына қатты мән бермейтіндігін, «Олд Траффордта» ұзақ уақытқа қалғысы келетіндігін айтты.

«Моуринью туа біткен жеңімпаз. Бір маусымдағы жеңіп алған үш жүлдеміз соның дәлелі. Мен дәл осындай бапкердің қол астында жұмыс жасағаныма бақыттымын. «Манчестер Юнайтед» командасында ұзақ уақытқа қаламын деп үміттенемін. Моуриньюдан әлі де көп нәрсе үйренгім келеді. Жалпы алғанда мен спорттық жолымда болған барлық бапкерлерге алғысым шексіз», - дейді Эррера.

Естеріңізге салсақ, «Барселона» бапкері Эрнесто Вальверде атанған соң Эррера каталондық клубқа ауысады деген сыбыс жиілеп кеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или