Кахабер Цхададзе: «Атлантас» біз үшін бейтаныс команда
«Қайраттың» бас бапкері клуб баспасөз-қызметіне берген сұхбатында УЕФА Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі жайлы ойымен бөлісті.
- Бұл Еуропа лигасы, біз барлық қарсыласымызға құрметпен қараймыз. «Атлантас» біз үшін бейтаныс команда, олардың ойынын қарап, сараптама жасауымыз қажет. Бірақ, ең маңыздысы, қазір «Ордабасыға» қарсы екі ойын күтіп тұр. Сондықтан Еуропа лигасы туралы ойлап жатқан жоқпыз. Артынша бұл матчтарға дайындалуға уақыт жетеді. Әрине, Литвамен ара-қашықтық және бейімделу өз әсерін тигізеді.
Қарсыласты дұрыс бағаламауға болмайды. «Қайрат» - мықты команда, футболшылар бәрін түсінеді, маңызды кездесу күтіп тұр. Әрине, мүмкіндігінше жоғары деңгейде дайындаламыз, себебі алдымызда тапсырма тұр және оны орындауымыз керек. Біз бәріне құрметпен қарап, бұл ойындарға дұрыстап дайындаламыз.